Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ММ «Абай ауданының мемлекеттік архиві» КММ

    Жалпы ақпарат

    Архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету саласында заңды және жеке тұлғаларға сапалы және қолжетімді қызметтерді ұсыну, Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану, жинау, сатып алу, жинақтау, ретке келтіру, тұрақты және ұзақ уақыт сақтау, мемлекеттік есепке алу.

    1) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды сақтаудың оңтайлы жағдайларын жасау;

    2) құжаттарды мемлекеттік есепке алу;

    3) аса құнды құжаттарды пайдалану қорын құру;

    4) тұрақты, ұзақ мерзімді сақтау мерзімдерінің тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызы бар бейінді құжаттармен, жеке тектік құжаттармен, арнайы құжаттамамен жүйелі түрде толықтырып отыру;

    5) архив құжаттарын жан-жақты пайдалануды және жариялауды ұйымдастыру;

    6) ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін дамыту және жетілдіру;

    7) архивтеу, құжаттану саласындағы ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүргізу, басқа архивтердің ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибесін жұмыс тәжірибесіне енгізу;

    8) толықтыру өңіріне сәйкес ұйымдардың ведомстволық архивтарында құжаттарды мемлекеттік есепке алудың жай-күйін, сақталу жай-күйін, өңдеу сапасын, құжаттардың мемлекеттік сақтауға уақтылы берілуін, мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы құжаттау және құжаттаманы басқару жай-күйін - мемлекеттік архивты толықтыру көздерін бақылау.

    Сақтауда 67 қор, 17148 сақтау бірлігі бар.

    21 сақтау бірлік цифрландырылған.