Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Үржар ауданы бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ
Жалпы ақпарат
Мекеменің қызметінің мақсаттары:
Ұржар ауданының балалары мен жасөспірімдерінің дене тәрбиесімен айналысуы және спорттық дағдыларын дамыту үшін жүйелі түрде оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру.
Дарынды жас спортшыларды анықтап, олардың қабілеттерін жетілдіру және аудандық, облыстық, республикалық құрама командалар үшін спорттық резервті қалыптастыру.
Бұқаралық, олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту және насихаттау, тәрбиеленушілердің түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету, салауатты және белсенді жас ұрпақты тәрбиелеу.