«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің « Абай облысы Жаңасемей ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Мекеменің қызмет мақсаттары:

    1. Жаңасемей ауданының балаларын және жасөспірімдерін спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, олардың денсаулығын нығайту, дене тәрбиесін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру.

    2. Дарынды жас спортшыларды анықтау және дамыту, Абай облысының және Қазақстан Республикасының құрама командаларына спорттық резервті дайындау.

    3. Олимпиадалық, ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту және насихаттау, тәрбиеленушілерді түрлі деңгейдегі жарыстарға қатыстыру, жас ұрпақтың бойында тәртіптілік, ерік-жігер және жоғары жетістіктерге ұмтылу қасиеттерін қалыптастыру.