Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесінің "Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" КММ
Жалпы ақпарат
Мекеменің мақсаттары:
Абай облысы аумағында қысқы олимпиадалық спорт түрлері (шаңғы жарысы, биатлон, конькимен жүгіру және т.б.) бойынша балалар мен жасөспірімдерге жүйелі түрде спорттық дайындық ұйымдастыру және өткізу.
Перспективалы жас спортшыларды анықтау, олардың кәсіби шеберлігін дамыту және облыстық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына спорттық резерв дайындау.
Тәрбиеленушілердің спорт шеберлігін арттыру, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу, сондай-ақ қысқы спорт түрлерін жастар арасында дамыту және кеңінен насихаттау.