Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Курчатов қаласының балалар- жасөспірімдер спорт мектебі" КММ

    Жалпы ақпарат

    Мекеменің қызмет мақсаттары:

    1. Курчатов қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығын жетілдіру, салауатты өмір салтына баулу және жүйелі түрде спортпен шұғылдануына жағдай жасау.

    2. Спорттық қабілеті бар дарынды балаларды анықтау және олардың әлеуетін дамыту, Абай облысы мен Қазақстан Республикасының құрама командаларына спорттық резерв дайындау.

    3. Олимпиадалық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту және насихаттау, жас спортшылардың түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету, олардың бойында мақсаткерлік, тәртіптілік және командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.