Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Аягөз ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ

    Жалпы ақпарат

    Мекеменің қызметінің мақсаттары:

    1. Аягөз ауданының балалар мен жасөспірімдері арасында дене шынықтыру-спорттық дайындықты ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайту, жан-жақты физикалық дамуын қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

    2. Спорттық қабілеті бар жасөспірімдерді анықтау және дамыту, аудан, Абай облысы және Қазақстан Республикасы құрама командаларына спорттық резерв дайындау.

    3. Жастар арасында бұқаралық, олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту және кеңінен насихаттау, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатыстыру арқылы оларды тәртіпке, отансүйгіштікке және мақсаткерлікке баулу.