Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Абай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ
Жалпы ақпарат
Мекеменің қызметінің мақсаттары:
Абай ауданының балалары мен жасөспірімдерінің жүйелі түрде спортпен шұғылдануын ұйымдастыру, олардың дене бітімін және жеке қабілеттерін дамыту.
Дарынды жас спортшыларды ерте анықтау, спорттық резерв қалыптастыру және аудандық, облыстық және Қазақстан Республикасының құрама командаларына үміткерлерді дайындау.
Жастар арасында бұқаралық және олимпиадалық спорт түрлерін насихаттау, мектеп тәрбиеленушілерінің аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету, салауатты және белсенді ұрпақты тәрбиелеу.