"Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" КММ

    Жалпы ақпарат

    Мекеме 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Жетісу облысының әкімдігінің № 30 қаулысымен құрылды. Қызметінің негізгі мәні еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жергілікті органдарды, халықты жұмыспен қамту орталықтарын және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ету және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті талдау болып табылады.