Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қостанай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Мемлекеттік мекеме өз функцияларын аудандарда, қалаларда филиалдар түрінде құрылатын мансап орталықтары арқылы жүзеге асырады.

    Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету болып табылады. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және атаулы әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

    Мемлекеттік мекеме мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

    1) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, халықты, жергілікті атқарушы органдарды және Еңбек ресурстарын дамыту орталығын облыстың еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді;

    2) басқару органына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар және Өңірлік жұмыспен қамту картасының жобасын енгізеді;

    3) Ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, облыстың өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құруды есепке алуды жүзеге асырады;

    4) жергілікті атқарушы органдардың білім беру мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім беру ұйымдарынан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан мәліметтер, түлектерді жұмысқа орналастыру туралы, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар), нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлауға және бітіруге жоспарланатын мамандардың саны туралы ақпарат сұратады;

    5) жұмыс берушілерден жұмыс күшіне болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;

    6) жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасында Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар, облыстың даму жоспарлары, сондай-ақ жеке сектордың бастамалары аясында іске асырылатын жобаларда ағымдағы бос жұмыс орындары және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы орналастыратын бос жұмыс орындарының есебін жүргізеді;

    7) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

    8) атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

    9) жұмыс берушілермен мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

    10) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін жүзеге асырады;

    11) халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың іске асырылу барысына мониторингті және бақылауды жүзеге асырады;

    12) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыз ретінде тіркейді;

    13) Мансап орталықтары қызметкерлерінің кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

    14) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін және мекеменің Жарғысына қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерін және мәмілелер жасауды көрсетеді;

    15) ерікті қоныс аударуға қатысушылармен әлеуметтік келісімшартқа қол қояды және оның орындалуына мониторингті және оның шарттары орындалмаған кезде санкцияларды қолдануды жүзеге асырады.