"Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы" КММ

    Жалпы ақпарат
    Мекенжайы Тәттімбет көшесі, 709

    Директоры Сыздықов Нұржан Хамитұлы
    Жұмыс телефоны (код + нөмірі) 8 7212 996-401
    Меншік нысаны Коммуналдық мемлекеттік мекеме
    Пайдалануға берілген жылы 2021 жыл
    Жалпы алаңы 850 ш.м.

    Қызмет түрі Орталық өз функцияларын аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда филиалдар түрінде құрылатын Мансап орталықтары арқылы жүзеге асырады.

    Құрылымдық бөлімшелері Қарағанды облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы және оның қалалар мен аудандардың Мансап орталықтары түріндегі филиалдары Қарағанды облысының 13 өңірінде жұмыс істейді: 1) Қарағанды қаласының Мансап орталығы; 2) Теміртау қаласының Мансап орталығы; 3) Балқаш қаласының Мансап орталығы; 4) Саран қаласының Мансап орталығы; 5) Шахтинск қаласының Мансап орталығы; 6) Приозерск қаласының Мансап орталығы; 7) Абай ауданының Мансап орталығы; 8) Ақтоғай ауданының Мансап орталығы; 9) Бұқар жырау ауданының Мансап орталығы; 10) Қарқаралы ауданының Мансап орталығы; 11) Осакаров ауданының Мансап орталығы; 12) Нұра ауданының Мансап орталығы; 13) Шет ауданының Мансап орталығы.

    Қызметінің мәні Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету.

    Қызметінің мақсаты Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

    Қызметінің негізгі бағыттары 1) Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды және болжайды, халықты, жергілікті атқарушы органдарды және Еңбек ресурстарын дамыту орталығын облыстың еңбек нарығының жағдайы туралы хабардар етеді. 2) Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар және жұмыспен қамтудың өңірлік картасының жобасын енгізеді. 3) Ұлттық жобалар, облысты дамыту жоспарлары және облыстың жұмыспен қамтудың өңірлік картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын есепке алуды жүзеге асырады. 4) Білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінен, білім беру ұйымдарынан және оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) бойынша ақпаратты, нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау мен шығаруға жоспарланған мамандардың санын сұратады. 5) Жұмыс берушілерден жұмыс күшіне болжамды қажеттілік туралы ақпаратты сұратады. 6) Жұмыс берушілердің Электрондық еңбек биржасына орналастыратын бос жұмыс орындарын, ағымдағы бос жұмыс орындарын және ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар, облысты дамыту жоспарлары шеңберінде іске асырылатын жобаларда, сондай-ақ жеке сектордың бастамалары бойынша құрылатын жұмыс орындарының болжамын есепке алады. 7) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асырады. 8) Атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. 9) Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасайды. 10) Уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді аутсорсингке беруді жүзеге асырады. 11) Халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді аутсорсингке беру туралы шарттың іске асырылу барысына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады. 12) Өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыз ретінде тіркейді. 13) Осы Кодекске сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын көрсетеді.