Шымкент қаласының балалар құқығын қорғау басқармасының "Психологиялық қолдау орталығы" КММ

    Жалпы ақпарат

    Негізгі бағыттары:

    - Кеңес беру және дамыту;

    - Ғылыми-әдістемелік;

    - Ұйымдастырушылық;

    - Мобильді әрекет ету;

    - Кәсіби құзыреттілікті арттыру;

    - Ведомствоаралық өзара іс-қимыл;

    - Халықаралық ынтымақтастық.

    Қызмет түрлері:

    - Білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау және көмек көрсету;

    - Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің тиімділігін бағалау және қызметін үйлестіру, мониторинг пен талдау жүргізу;

    - Психологиялық қызмет мамандары мен педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру,

    - Балалардың психологиялық саулығын қамтамасыз ету және дағдарыстық жағдайларға жедел әрекет ету үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

    - Психологиялық қолдау мен көмек көрсету сапасын арттыру саласында үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіпкерлік субъектілермен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен халықаралық ынтымақтастық, әріптестік, жобаларды іске асыру.