«Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» КММ
Орталықтың негізгі міндеттері:
1) спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және республикалық, халықаралық спорт аренасында табысты өнер көрсету;
2) Олимпиадалық даярлау орталықтарына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрама командаларына және Қазақстан Республикасының штаттағы құрамасына қабылдау үшін спортшы-кандидаттарды іріктеу мен дайындау;
3) оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижелерін, физикалық қасиетіндегі жеке даму көрсеткішінің өсу динамикасын, спортшылардың техникалық-тактикалық дайындық деңгейіне талдауды жүзеге асыру.
Орталық алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мына функцияларды орындайды:
1) Орталық спортшылары үшін Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жеке немесе жалға алынған спорттық ғимараттарда оқу-жаттығу жиындарына қатысу және өткізу;
2) патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
3) допингке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
4) Орталық спортшыларының дайындық үдерісін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико - биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
5) Орталықтың жаттықтырушылар құрамы мен басқа да мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
6) кешенді ғылыми топтар, қалпына келтіру және емдеу кабинеттерін құру;
7) семинарлар, кеңестер, конференциялар өткізу;
8) Қазақстан Республикасының және өзге елдердің басқа мамандарын шарт негізінде жұмысқа тарту;
9) бірлескен оқу-жаттығу жиындарына жасөспірімдер, жеткіншектер және жастар жасындағы шетелдік спортшылар мен мамандарды жұмысқа қабылдау;
10) спортшылармен және жаттықтырушылармен, оның ішінде Жергілікті органмен келісім бойынша шетелдік жаттықтырушылармен шарт жасасу;
11) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесіне сәйкес спортшылардың, жаттықтырушылардың және Орталықтың басқа да қызметкерлерінің халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға, оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қамтамасыз ету.