«Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы»

    Жалпы ақпарат

    Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - отбасын қолдау орталығы) "бір терезе" қағидаты бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету арқылы отбасы институтын нығайту және отбасының әл-ауқатын арттыру үшін жан-жақты қолдау көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Қызмет түрі: Отбасын қолдау Орталығының қызметі "бір терезе" қағидаты бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және отбасы мүшелерінің әлеуметтік және жеке дамуына жан-жақты қолдау көрсету арқылы отбасы институтын нығайтуға бағытталған.

    Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Чкалов 7

    Байланыс телефондары: +7 (7212) 95-58-05

    Әлеуметтік желілердегі парақшалар:https://www.instagram.com/otbasy.ortalygy.krg/