Алматы қаласы «Отбасыны қолдау орталығы» КММ

    Жалпы ақпарат

    Отбасыны қолдау орталықтарын құрудың және олардың қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері

    2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.

    Заңды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) «Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидаларын» (ЕХӘҚМ-нің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 192 бұйрығы) бекітті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – МАМ) «Отбасыны қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын» (МАМ-нің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығы) бекітті.

    Отбасыны қолдау орталығы қиын өмірлік жағдайға (бұдан әрі – ҚӨЖ) тап болған адамдар мен отбасыларды анықтауға және оларға кешенді қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік отбасылық саясаттың негізгі элементі болуға арналған.

    «Алматы қаласының Отбасыны қолдау орталығы» КММ-нің құрылуы және мәртебесі

    2024 жылғы желтоқсанда Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 4/703 қаулысымен қызметі қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған «Алматы қаласының Отбасыны қолдау орталығы» КММ (бұдан әрі – ОҚО) құрылды.

    Қызметінің негізгі бағыттары

    ОҚО-да консультациялық көмек жан-жақты көрсетіледі, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және полиция өкілдерінен тұратын мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру жүзеге асырылады. (Мақсаты – қиын өмірлік жағдайдағы азаматтарды ерте анықтау және оларға уақтылы қолдау көрсету.) Сонымен қатар мемлекеттік отбасылық саясаттың шаралары іске асырылады, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар мен отбасыларға әлеуметтік, заңгерлік және психологиялық көмек көрсетіледі.

    ОҚО-да әлеуметтік, психологиялық және құқықтық сүйемелдеу көрсетіледі, мемлекеттік жәрдемақыларды алу, тұрғын үй бағдарламалары және жұмыспен қамту шаралары бойынша консультациялық көмек беріледі. Көпбалалы аналар мен ата-аналар үшін оқыту бағдарламалары, біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі. Бұл олардың экономикалық дербестігін арттыруға ықпал етеді.

    Сонымен қатар ОҚО мемлекеттік органдармен, медициналық және білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Бұл әрбір отбасының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оларға атаулы және кешенді тәсіл негізінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Отбасы институтын нығайтуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ақпараттық іс-шаралар өткізіледі.

    ОҚО-да іске асырылатын шаралар отбасылардың әлеуметтік бейімделуіне және тұрақты дамуына, олардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ қаладағы әлеуметтік осалдық деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

    ОҚО-ның орналасқан жері: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Тлендиев көшесі, 256/1.

    Азаматтардың жүгінуіне арналған ОҚО-ның байланыс деректері (қабылдау бөлмесі немесе Call-орталық): 8-(727)-392-38-42.

    Электрондық пошта: [email protected]

    Әлеуметтік желілердегі парақшалары (Instagram, Facebook): Instagram: @otbasynqoldau_almaty