Шымкент қаласы балалар құқығын қорғау басқармасының «Қамқоршылық және қорғаншылық орталығы» КММ
Жалпы ақпарат
«Шымкент қаласының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» КММ «Қамқоршылық және қорғаншылық орталығы» – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты қамқоршылық және қорғаншылық мәселелерін шешу бағытында қызмет атқаратын ұйым.
Орталық балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, қамқоршылық және қорғаншылық мәселелері бойынша тиісті шараларды қабылдауға, сондай-ақ балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асырады.