«Қарағанды қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ

    Жалпы ақпарат

    Қызмет түрі: Орталық фит-микс (жұмсақ аэробика), гимнастика, йога, би, музыка, заңгерлік, психологиялық кеңес беру, медициналық кеңес беру, ағылшын, қазақ тілдері курстары, спорт залы, үстел ойындары сияқты 13 қызмет түрін ұсынады.

    Негізгі бағыты: Қарт адамдарды қоғамдық-пайдалы жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, қарт адамдармен мәдени-демалыс, дене шынықтыру-сауықтыру, профилактикалық және өзге де іс-шараларды өткізу.

    Қарт азаматтарды көбірек қамту мақсатында Жаңа Майқұдық, Молодежный МҮ, «Теміржолшылар» МҮ-де кабинеттер жұмыс істейді, онда егде жастағы адамдар үстел ойындары, қазақ және ағылшын тілі сабақтары, мастер-класс курстары, скандинавиялық серуендеу, мәдени-демалыс іс-шараларына (концерттер, театрлар, мұражайлар және т. б.) қатысу сияқты қызметтерді ала алады.

    Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі, 4 үй

    Байланыс телефоны: +7 (7212) 47-78-05

    Әлеуметтік желілердегі парақшалар: https://instagram.com/cad_krg_2022?igshid=MDM4ZDc5MmU =