Шымкент қаласы балалар құқығын қорғау басқармасының «Кәмелетке томағандарды бейімдеу орталығы» КММ
Шымкент қаласы балалар құқығын қорғау басқармасының «Кәмелетке томағандарды бейімдеу орталығы» КММ-нің қызметінің негізгі бағыттары:
- Қабылдау және қорғау
- Әлеуметтік және құқықтық қолдау
- Психологилық және педагогикалық оңалту
- Алдын алу және бейімдеу
- Отбасы және қоғам
Шымкент қаласы балалар құқығын қорғау басқармасының «Кәмелетке томағандарды бейімдеу орталығы» КММ-нің негізгі мақсаты:
1) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған;
2) оларды уақтылы орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген кезде, орган ата-анасынан (олардың бірінен) немесе қамқорлығында болған басқа да адамдардан іріктеп алған ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар;
4) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдауды, 3 айдан аспайтын мерзімде уақытша күтіп бағуды, бейімдеуді және әрі қарай орналастыруды қамтамасыз ету болып табылады.