Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Бородино орта мектебі» КММ
Мектептің 2021-2022 оқу жылындағы негізгі мақсаты мен жұмысы:
Мақсаты: сапалы білім беру, білім алу үшін тең жағдай жасау, тұлғалық және әлеуметтік дамуға кепілдік беру, өмірде табысты болуға, қоғам мен мемлекетке пайда келтіруге мүмкіндік беру.
Осы мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде күтілетін нәтижелер:
Оқушыларға сапалы білім беру қызметін көрсету.
Оқушылар мен мұғалімдердің өзін-өзі бақылауға және өз іс-әрекетіне талдау жасау дайындығы.
Әрбір оқушы мен мұғалімнің тұлғалық өсуі.
4.Оқушылардың сапалы тамақтануы.
Отбасындағы әлеуметтік салауаттылық.
Дарынды оқушылар санының өсуі.
2019 жылдың сәуір айында мектебімізде «Ауылдық шағын жинақты мектеп оқушыларының рухани құндылықтарын қалыптастыру арқылы «Рухани жағыру» бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Мектептің 9 мұғалімі қатысты.
2020 жылдың қаңтар айында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру жағдайында критериалды бағалау жүйесін енгізу» тақырыбында облыстық семинар өтті. Мектептің 10 мұғалімі қатысты.
2020-2021 оқу жылында мұғалімдер онлайн режимінде конференцияларға, семинарларға және вебинарларға қатысты.
2018 жылы облыстық «Үздік педагог» байқауында екі ұстазымыз 3 орынды иеленді. «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» - О.И. Сучкова, «Үздік қазақ тілі мұғалімі» - А.С. Токтарова.
2020 жылдың қазан айында – М.К.Мишелева – «ЖМБ үздік оқытушысы» облыстық байқауында 3 орын.
Жыл сайын оқушылар облыстық пән олимпиадасына қатысады.
2020 жылдың қазан айында 8-11 сыныптар арасындағы ғылыми жобалар байқауына 5 оқушы қатысты. Аудандық турда 2 - 2 орын, 1- 3 орын.
2021 жылдың қазан айында 4 сынып оқушысы облыстық «Зерде» байқауында 2 орынға ие болды. Ғылыми жобаға қатысқан 8-11 сынып оқушылары байқаудың облыстық кезеңінде 2 және 3 орынды иеленді.