Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Аракарагай орман шаруашылығы мекемесі" КММ

    Жалпы ақпарат

    «Арақарағайорман шаруашылығы мекемесі» КММ

    Орман қорының жалпы ауданы: 48 520 га.

    Әкімшілік-аумақтық орналасуы: орман қоры Қостанай және Алтынсарин аудандарының аумағында орналасқан.

    Орманшылықтары: Краснокордонское,Убаганское, Владимировское.

    Кеңсенің орналасқан жері: Красный Кордон к. (облыс орталығынан 45 км).

    Қостанай қаласымен көлік қатынасы: Қостанай арқылы республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы автожолы.

    Орман шаруашылығы мекемесінің ерекшеліктері

    Орман қорын аудандастыру: орман-өсімдік жамылғысының аудандастырылуына сәйкес, орман қоры Обаған-Есіл типтік емес тікенекті қайыңды және қалдық қарағайлықтарымен көктеректі ормандар, Зауральск-Обаған типтік емес тікенекті көктерек және кей жерлерінде қалдық қарағайлықтарымен қайыңды ормандар ауданына жатады.

    Су ресурстары:

    Орман шаруашылығы мекемесінің аумағында көптеген ұсақ батпақтар мен сағалар бар, олардың жартысынан көбі еріген сумен уақытша толтырылады. 13 тұрақты жасанды су айдындары бар.

    Мәдени-сауықтыру ұйымдары:

    Орман шаруашылығы жерлерінде «Сос новый Бор» санаторийі және «Джайляу» демалыс базасы, «Бакирова», «Светофор», «Чайка», «Орленок», «Мерей» демалыс лагерлері орналасқан.

    Тарихи анықтама:

    Арақарағай орман шаруашылығы мекемесінің ормандары XIX ғасырдың 90-жылдарында қазыналық ормандардың құрамына кірді. 1936 жылдан бстап 1946 жылға дейінгі аралықта ормандар Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы жергілікті маңызы бар ормандар (ЖМО) басқармасының қарамағында болды. 1946 жылы Қазақ ССР Орман шаруашылығы министрлігі құрылғаннан кейін, мекеменің ормандары мемлекеттік орман қорының құрамына кірді. 1953 жылы Арақарағай орман шаруашылығы үш орманшылыққа бөлінді: Обаған ауданындағы Джамбульское және Красно-Кордонское және Затобол ауданындағы Пригородное. 1975 жылы Арақарағай орман шаруашылығы төрт орманшылыққа бөлінді: Обаған ауданының Краснокордонское, Убаганское, Джамбульское және Владимировское орманшылығы. 1988 жылы Джамбулское және Владимировское орманшылығы біріктірілді, нәтижесінде Арақарағай орман шаруашылығы аумағында бүгінгі күнге дейін жұмыс жасайтын үш орманшылық құрылды.