"Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы"ММ "Абай су қоймалары" КММ
Мекеменің қызметінің мақсаты Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын күтіп ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) коммуналдық меншіктегі (аудандық, облыстық) су шаруашылығы жүйелерін (объектілерін) күтіп-ұстау, пайдалану, жөндеу және реконструкциялау, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету (су шаруашылығы объектілері: су айдындары, гидротехникалық құрылыстары бар су қоймалары, жерүсті бұру және жеткізу арналары, өзендер арналары және өзге де ағындар), оның ішінде:
- су шаруашылығы жүйелерін (объектілерін): су айдындарын, гидротехникалық құрылыстары бар су қоймаларын, жерүсті бұру және жеткізу арналарын, өзен арналарын және жағалау, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің өзге де ағындарын реттеу және су пайдалану;
- су шаруашылығы жүйелерінің (объектілерінің) түбін тазарту, кеңейту, түбін тереңдету жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; Су шаруашылығы жүйелеріне (объектілеріне)қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін кірме жолдарды тазарту;
-облыстық маңызы бар су шаруашылығы жүйелерінде (объектілерінде) тұрақты қарап-тексерулер, мерзімді тексерулер, техникалық қызмет көрсету, жаңғыртуды реконструкциялау бойынша құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын (ағымдағы, күрделі) жүргізу;
2) су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерден (оның ішінде резервуарлардан, гидропосттардан, су өткізу науаларынан, құбырлардан және т.б.) су пайдаланушыларға шарттар жасасу және су беру.