«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Садовый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Садовой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Садовый ауылдық округі Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Ауылдың оңтүстігінде: Сұңқар ауылдық округімен, солтүстігінде: Бұқар - Жырау ауданы Амангелді ауылдық округімен, батысында: Николаев ауылдық округімен; шығысында: Құндызды ауылдық округімен шектеседі. Әкімшілік орталығы — Садовое ауылы.
Садовый ауылдық округіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша орталығы Сұңқар ауылындағы 2 ауыл. Ауданның жалпы аумағы 98850 гектарды құрайды, бұл аудан аумағының 8,7%, облыс аумағының 0,23% құрайды.. Халық саны 538 адам.