Қарағанды облысы Осакаров ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

    Әкімдік туралы

    Есіл ауылдық округі Қарағанды облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Осакаров ауданы Осакаровка кентінің әкімшілік орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан. Есіл ауылы 1931 жылы ұйымдастырылды, ол округ орталығы. Есіл ауылдық округі екі ауылдан тұрады – Есіл және Колхозное. Жалпы халық саны-1682 адам.
    "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты) ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.