Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Белағаш ауылдық округінің әкімдігі
Әкімдік туралы
Белағаш ауылдық округі , Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің әкімшілік орталығынан 38 шақырым жерде орналасқан. Белағаш (Хорошевское) ауылы 1907 жылы құрылған, ол - округтің орталығы. Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Белағаш ауылдық округінде 2 ауыл бар- Белағаш және Аюлы. Жалпы халық саны 543 адамды құрайды. Мамандануы-өсімдік және мал шаруашылығын дамыту.
"Бұқар Жырау ауданы Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.