Қызметкерлер — "Тасарал ауылдық округі әкім аппараты" Мемлекеттік мекемесі

    "Тасарал ауылдық округі әкім аппараты" Мемлекеттік мекемесі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Мәкенбаев Мейірбек әзімханұлы
    Әкім

    Мәкенбаев Мейірбек әзімханұлы

    Тасарал ауылдық округінің әкімі

    Мәкенбаев Мейірбек Әзімханұлы 1970 жылы Ақтоғай ауданы Айыртас совхозында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі жоғары. 07.1987 жылы Шұбартау орта мектебін аяқтағаннан кейін Шұбартау совхозында жұмыскер болып еңбекке араласқан. 12.1988-11.1990 жж Кеңес әскері қатарында қызмет етті. Әскер қатарынан келген соң совхозда жұмыскер ретінде еңбек жасады. 09.1991-01.1994 жж Балқаш кен металлургия техникумының «Экономика және халық шаруашылығын жоспарлау» факультетінде экономист-техник мамандығы бойынша білім алған. 09.2003-06.2006 жж Алматы экономика және статистика академиясының «Бухгалтерлік есеп және аудит» бөліміне түсіп, экономист мамандығы бойынша білім алған. Отбасылы.

    Басқа қызметкерлер

    2
    Абенова Лаззат Муратовна
    Қызметкерлер

    Абенова Лаззат Муратовна

    Тасарал ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы

    1979 жылдың 10 сәуірінде Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал селосында дүниеге келдім. Осы ауылдың он бір жылдық мектебін 1996 жылы бітірдім. 1997 жылы әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология факультетіне түсіп, 2001 жылы осы аталған университетін биолог- бакалавр мамандығы бойынша тамамдадым. 2001 жылдың қаңтары мен 2001 жылдың кыркүйек айы аралығында Тасарал орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым. Жұмыстан оқуды жалғасыруға байланысты өтініш арқылы босадым. 2001- 2005 жылдар аралығында осы аталған Университеттің магистратурасында оқып, 2005 жылы биология магистрі- біліктілігі мен академиялық дәрежесімен тамамдадым. 2005 жылдың 15 қарашасынан бастап, Тасарал селолық округінің әкімі аппаратында бас маман міндетін атқарушы болып қызметке қабылдандым. 2007 жылдың 9- шы қаңтарынан бастап бас маман ретінде қабылдандым. 2019 жылдын кыркүйек айынан бастап Тасарал жалпы білім беретін мектебінде мұғалім жетіспеуіне байланысты биология пәнінің мұғалімі болып қосымша қызмет атқарамын. Жанұямда жұбайыммен бірге бір қыз және үш ұл тәрбиелеудемін.

    Сакимбаева Шугыла Омирбаевна
    Қызметкерлер

    Сакимбаева Шугыла Омирбаевна

    Тасарал ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы

    Карағанды облысы, Қарқаралы қаласында 1987 жылы 2 мамыр күні дүниеге келдім. 1994 жылы Теміртау қаласында мектеп-лицей №9 1 сыныпқа қабылдандым. 2006-2010 жылдар аралығында Қарағанды қаласында КАРГТУ «Тау-кен ісі » факультетін аяқтадым.2011-2013 жылдар аралығында КАРГТУ «Маркшейдерлік ісі» магистр дәпежесі берілді. 2010-2012 жылдар аралығында Қарағанды Қазпотребсоюз Экономикалық Университетің «Экономист» факультетің тамандадым.2014 жылдан бастап Тасарал ауылдық округі әкім аппаратына бас маман болып жұмысқа тұрдым. Жанұямда жұбайыммен бірге төрт бала тәрбиелеудемін.