Кежек ауылдық округінің әкімдігі
Әкімдік туралы
Кежек ауылдық округі Қарағанды обылысының орталық бөлігінде, Ақтоғай ауданының әкімшілік орталығынан 100 шақырым жерде орналасқан.Ауылдық округтің орталығы, Ақши ауылы болып саналады. Ақши ауылы 1975 жылы құрылған.Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша Кежек ауылдық округі 1 ауылдан тұрады, ол Ақши ауылы.
Жалпы халық саны 252 адамды құрайды.
Мамандануы – мал шаруашылығын дамыту.
"Кежек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.