Қарабұлақ ауылдық округінің әкімдігі
Әкімдік туралы
Қарабұлақ ауылдық округі Қарағанды обылысының орталық бөлігінде, Ақтоғай ауданының әкімшілік орталығынан 110 шақырым жерде орналасқан.Ауылдық округтің орталығы, Нарманбет ауылы болып саналады. Нарманбет ауылы 1958 жылы құрылған.Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша Қарабұлақ ауылдық округі 3 ауылдан тұрады, олар; Нарманбет, Қарасу, Дуанши.
Жалпы халық саны 516 адамды құрайды.
Мамандануы – мал шаруашылығын дамыту.
"Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады