
Таласов Август Шарападинович
Мичурин ауылдық округінің әкімі
Таласов Август Шарападинович 1984 жылғы 21 тамызда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылы Қарағанды «Болашақ» университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған. Еңбек жолын 2006 жылы «Абай ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы қызметінен бастаған. Еңбек еткен жылдары маманнан басшыға дейінгі жолдан өтіп, Абай ауданының мемлекеттік органдарында жауапты қызметтер атқарған: Абай ауданының ішкі саясат бөлімінде, Абай ауданы әкімінің аппаратында, Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қызмет еткен. 2026 жылғы 26 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы Абай ауданы Мичурин ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.