Қонаев қаласы әкімі аппаратының заң бөлімі
Қонаев қаласы әкімі аппаратының заң бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, "Неке (ерлі -зайыптылық ) және отбасы туралы " Қазақстан Республикасының Кодексін, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады
- Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның басшысын дайындайды.
- Қала әкімінің,әкімдігінің бекітуіне ұсынылған Қаулы, шешім және өкім жобаларының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, сондай-ақ оларға бұрыштама қою.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді.
- Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңды сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады.
- Аумақтық құқық қорғау органдарының, қызметтері мен бөлімшелерінің, еңбек ұжымдары мен қала тұрғындарының қылмысқа қарсы күрес және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қала аумағында заңдылықты сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимылын және үйлестіруді жүзеге асыру.
- Қаладағы әлеуметтік-криминогендік жағдайды ескере отырып, қылмыстың жағдайын, құрылымын және динамикасын талдау, оның себептері мен жағдайларын зерттеу, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын әзірлеу.
- Қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру.
- Аумақтық құқық қорғау органдарының, қызметтері мен бөлімшелерінің, еңбек ұжымдары мен қала тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қала аумағында заңдылықты сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қала әкімінің және әкімдігінің шешімдері мен өкімдерінің, қаулыларының жобаларын дайындау, көрсетілген бағыттар бойынша Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және осы құжаттардың орындалуын бақылау.
- Бақылау құжаттары бойынша жинақтау папкаларын жүргізеді.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді:
- Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан өтініштерін қарайды, олардағы ақпараттар мен ұсыныстарды практикалық қызметте пайдалану және талдау, азаматтардың шағымдарын туғызатын себептер мен жағдайларды зерттеу және оларды жою бойынша шаралар қабылдау