Заң бөлімінің
2026 жылғы 26 маусым «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізеді. Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.
«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
2026 жылғы 8 маусымнан 2026 жылғы 30 маусымға дейін «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ – де (бұдан әрі-Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ заң бөлімінің міндеттері мен функциялар
1. Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау.
2. Петропавл қалалық мәслихатымен, қаланың атқарушы органдарымен және қала әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасау.
3. Қала әкімі аппаратының жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізу, олардың уақтылы және сапалы іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру.
4. Ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, қала әкімі аппаратының және басқа да құрылымдық бөлімшелердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерін насихаттау және түсіндіру бойынша жұмысын ұйымдастыру, қала әкімі аппаратының қызметкерлерін құқықтық оқыту.
5. Соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда құқықтық мәселелер бойынша қала әкімдігі мен әкімінің, қала әкімі аппаратының мүдделерін білдіру.
6. Әкімдіктің және қала әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу және жобаларды келісу.
7. Қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын олардың қолданыстағы заңнаманың ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан зерделеу.
8. Қалалық әкімдіктің және оның бөлімдерінің норма шығару қызметін жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру, олардың заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
9. Қала әкімдігінің салалық бөлімдеріне және олардың заң қызметтеріне құқықтық және әдістемелік көмек көрсету, ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдарда құқықтық жұмыстың жай-күйін талдау, олардың қызметін жетілдіру жөнінде шаралар әзірлеу және ұсыныстар енгізу.
10. Ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жұмыс жүргізу.
11. Прокуратура органдарының ұсынымдарын, соттың жеке ұйғарымдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, қарау барысын, олардың уақтылы және сапалы шешілуін бақылау.
12. Ақпараттандыру объектілерін иелену және пайдалану және таратылуы шектеулі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету.
13. Өз құзыреті шегінде қала әкімінің және қала әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша өзге де міндеттерді орындау.