Қарасай ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Қарасай ауданы әкімі аппаратының, әкімдігінің қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу. Қарасай ауданы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін дайындауға қатысу, оның ішінде оларды басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген жағдайда келісу жолымен.

    Бірінші басшының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша құжаттар дайындау. Әкім аппараты қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен прокуратурада және басқа да мемлекеттік органдарда әкім аппаратының мүдделерін білдіру. Бөлім құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштеріне жауап дайындау. Құқықтық жалпы оқыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша қалалық жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Қарасай ауданы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс жоспарларын, лауазымдық нұсқаулықтардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының сот органдарында барлық іс жүргізу әрекеттерін, соның ішінде арыздарға, қолдаухаттарға қол қою, ұйғарымдарға, шешімдерге, қаулыларға апелляциялық, кассациялық, қадағалау тәртібінде шағымдану, қажетті құжаттарды талап ету арқылы Қарасай ауданы әкімінің және әкім аппаратының мүдделерін білдіру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындайды.