ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Заң департаменті

    Жалпы ақпарат

    Мақсаты:

    1) мемлекеттік саясат аясын реттеуге және қалыптастыруға қатысу;

    2) Министрліктің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

    3) Министрліктің заңнаманы қолдану практикасын қорыту;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсініктеме дайындау, Министрлікте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

    5) заңдық сипаттағы құқықтық актілердің және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс-жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.