Заң департаменті
Департаменттің негізгі міндеттері:
1) заңдылықты нығайтуға ықпал ету және Агентіктің нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін, валюталық реттеуді және бақылауды, Қазақстан Республикасы аумағында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын құқықтық насихаттау және түсіндіру, қажеттілігіне қарай, Агенттік қызметкерлері үшін орталық аппарат бөлімшелері өткізетін семинарлар шеңберінде лекциялар өткізу арқылы жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
4) қаржы нарығындағы қызметті, кредиттік бюролардың, актуарийлердің қызметін лицензиялауды, қаржы ұйымдарын ашуға (құруға) рұқсаттар, қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге, мүлікті бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны аккредиттеуге келісімдер беруді (кері қайтарып алуды) құқықтық қамтамасыз ету;
5) Агенттіктің норма белгілеу қызметіне талдау жасау және жетілдіру.