Заң департаменті

    Жалпы ақпарат

    Департаменттің негізгі міндеттері:

    1) Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

    2) министрліктің құқықтық актілерінің, сондай-ақ Министрлікке басқа мемлекеттік органдардан келіп түсетін құқықтық актілердің жобаларын олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан зерделеу;

    3) Министрліктің құзыретіне кіретін құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңды сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

    4) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын қорыту;

    5) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, мемлекеттік органда құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;

    6) жобаларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да нысандарды іске асыру арқылы Министрлікте, оның ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында парасаттылық инфрақұрылымын қалыптастыру.