Заң қызметі
Аудан әкіміне енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің, шарттар мен келісімдердің ҚР Заңнамалары талаптарына сәйкестігіне құқықтық сараптама өткізу. Аудан әкімі аппаратының қызметін құқықтық қамтамасыз ету.Әкімнің және аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау мәселесіне байланысты аппарат, селолық округтер және жеке бөлім қызметкерлеріне кеңес беру. ҚР Президентінің, Үкіметінің, жоғарғы органдардың,аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылау. Сот органдарында және басқа да ұйымдарда аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін қорғау. Наразылық-талап жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу,мемлекеттік органның мүдделерін сотта ұсыну. Нормативтік құқықтық актілердің жобасын, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша үйлестіру кеңесінің, комиссия отырыстарының жұмысын ұйымдастыру, жалпы құқықтық білім беруді ұйымдастыру.