
Зебешев Ардақ Темірханұлы
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің Төрағасы
1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша King’s College London университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген, ал 2019 жылы Warwick Business School (Ұлыбритания) оқу орнында MBA дәрежесін алған.