Индер аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
Міндеттері:
1) өндірістік және тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің жыл бойғы және болашақтағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қажеттіліктерін анықтайды;
2) аудан көлеміндегі құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындауда мүмкіндігі бар мердігерлерді анықтауда өткізілетін тендерлерге қатыса алады;
3) жөндеу объектілері бойынша техникалық тапсырмалар жинағымен қамтамасыз етеді, мердігерлермен келісім-шартқа отырып, оның орындалуын бақылайды;
4) коммуналдық меншік объектілерінің жаңа объектілері құрылысы мен бұрынғы объектілердің жөндеу жұмыстарына тапсырысшы бола алады;
5) кәсіпорын мен мекемелердің жобалау-смета құжаттарының дұрыстығын және сенімділігін, аудан көлеміндегі тиісті ғимараттар мен құрылғылардың құрылысын және жөндеу жұмыстарын тексереді;
6) жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындалуын талдайды. №2 «Жүргізілген құрлыстардың, жөндеулердің аралық орындалысы жөнінде» және №3 «Жүргізілген құрылыстардың толық орындалсы жөнінде» формалармен берілген рәсімдеу және көлемдерді тексеріп, бұрыштама соғады;
7) аяқталған құрылыс және объектілерді жөндеудің техникалық орындау құжаттамаларын рәсімдеуге, сондай-ақ объектілерді эксплуатацияға қабылдауға жұмысшы және мемлекеттік комиссияларына қатысады;
8) өндірістік құрылыс-монтаж жұмыстарына техникалық бақылауды жүзеге асырады, құрылыс нормасы және ережесінің сақталуымен қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына нұсқаулар мен ескертулер береді;
9) жер телімдерін бөлуді экологиялық, санитарлық,техникалық шарттарға және инженерлік-коммуналдық объектілердің нормативтерінің нормаға сәйкес жүргізілуін бақылайды және қалалық, поселкелік және селолық әкімдердің жер төлемдерін бөлуге жасалған шешімдердің жобаларына қол қоюға құқылы;
10) аудан, облыс әкімдігіне жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара байланысты әрекет ете отырып өз жұмысының бағдарын анықтайды;
11) аудандық экология комитетімен және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісе отырып, көшелер мен жолдардың санитарлық талаптарға сәйкес салынып, ұсталуын қадағалайды, аудан көлеміндегі елді мекендерді көркейтумен және қоршаған ортаны қорғаумен шұғылданады;
12) өндірістік, құрылыстық, коммуналдық-транспорттық, энергетикалық мекемелердің қызметіне бақылау жасайды және көмектеседі;
13) жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және соған қатысады;
14) аудан әкімдігінің отырысында қаралатын мәліметтерді дайындайды, мәліметтерді жинап анализ жасайды. Аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын дайындайды;
15) елді мекендерді сумен, газбен, жылумен және электроэнергиямен қамтамасыз ететін және басқа да коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын бақылайды;
16) әлеуметтік және әртүрлі меншік үлгісіндегі инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдардың объектілерінің, тұрғын үй-коммуналдық қорларын кұтіп ұстау мен эксплуатацияға алуды ұйымдастыруға қатысады және көмектеседі;
17) аудан елді мекендері арасында жолушылар қатынасын ұйымдастырады және олардың жұмыстарын бақылайды;
18) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдайды;
19) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға осыған уәкілеттік береді;
20) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
21) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
22) аудандардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және және көзделген жағдайларда келіседі;
23) аудандардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
24) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
25) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдение құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
26) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
27) мемлекеттік басқару органы және құрылтайшысы Индер аудандық әкімдігі болып есептеледі;
28) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
29) заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету;
30) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;
31) мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
32) тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.