Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бөлімнің функциялары:
- жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;
2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;
3) Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;
4) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұратады;
6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізеді;
7) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіреді;
8) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;
9) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;
10) Жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркейді.
11)Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды жүзеге асырады;
12)Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады;
13) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
16) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
17) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
18) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;
4
19) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
21) Мүгедектерге әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
22) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы жұмыстарын ұйымдастырады;
23) Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде тұракты әрекеттегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
24) «Еңбек жолы» конкурсы жұмыстарын ұйымдастыру;
25) соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектерін әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
26) Кәмелеттік жасқа толғандар қатысты қорғаншық және қамқоршылық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
27) 1941 жылғы 22 маусым -1945 жылғы 9 мамыр кезеңіндегі кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс стажын белгілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзегеа сырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
29) Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
30) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;
31) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;
32)Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;
33) Мүгедектерге кресло-арбалар беру;
34) Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
35) Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
36)Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
37)Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
38)Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
39)Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;
40)Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;
41) Ақталған адамға куәлік беру;
42) Тұрғын үй көмегін тағайындау;
43)Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;
44).АХАТ қызметі бойынша азаматтарды қабылдап кеңестер беру;
45)Азаматтардың хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
46) ҚР-ның азаматтарының тегін, әкесінің атын өзгерту туралы іс-құжаттарын және қорытындысын дайындау;
47) Түзету, толықтыру, өзгеріс енгізу және хал актілерін қалпына келтіру іс-құжаттарын және қорытындысын дайындау;
48) АХАТ қызметі бойынша мұрағатына жауап беру;
49) Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі куәліктер бланкілерінің кірісі мен шығысын есепке алу бойынша кітаптармен жұмысын жүргізу;
50)Азаматтық хал актілері мен метрикалық кітаптарды тіркеу, кітаптарды жөндеуден өткізу;
51)АХАТ қызметі бойынша құжаттарды ведомстволық мұрағатқа тапсыру және сақтау;
52)Тұрғындар арасында ҚР-ның «Неке (Ерлі зайыптылық) және отбасы туралы» Заңының тәртібін және азаматтық хал актілерін тіркеу ережесін түсіндіру;
53)Уақытында тууды, өлімді тіркеу үшін дәрігерлік мекемелермен, статистикалық органдармен тығыз байланыста жұмыс атқару;
54)Азаматтардан және ұйымдардан түскен сұраныс бойынша жауап дайындау;
55)Әр ай сайын, тоқсан сайын Әділет департаментіне тапсырылатын есепті дайындау;
56)АХАЖ АЖ тіркеу пунктін уақытылы, толық, мерзімінде толтырылуын орындау;
57)Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
58)Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
59)Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
60) Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
61)Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
62)Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
63)Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
64)Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
65)Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
66) «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»;
67) бөлімнің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын әзірлеу және аудандық әкімдікке бекітуге ұсыну;
68) бөлімде бухгалтерлік есепті, лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік бағдарламалардың шығыстар сметаларының орындалуын, бухгалтерлік есептің бюджеттік сыныптамасының дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау;
69)Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.