Индер аудандық құрылыс бөлімі
Функциялары:
1) құрылыс және қайта жаңғырту нысандары бойынша техникалық тапсырмалар жинағымен қамтамасыз етеді, мердігерлер мен келісім-шартқа отырып, оның мерзімінде орындалуын бақылайды;
2) жаңа нысандардың құрылысы мен бұрынғы нысандардың жұмыстарына тапсырысшы бола алады;
3) жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындалуын талдайды, №2 «Жүргізілген құрылыстың аралық орындалысы жөнінде» және №3 «Жүргізілген құрылыстардың толық орындалысы жөнінде» формалар мен көлемдерді тексеріп, бұрыштама соғады;
4) аудан, облыс әкімдігінде жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппаратының бөлімдермен өзара байланыста әрекет ете отырып, өз жұмысының бағдарын анықтайды;
5) аудан көлеміндегі құрылыс объектілерінде тиісті бақылаушы мекемелермен бірлесіп инженерлік-құрылыс нормативтерімен тәртіптерінің және құрылыс сапасының сақталуын қамтамасыз ету;
6) жалпы салалық және табиғатты қорғауға арналған, канализация су құбырлары шаруашылығы, жылу, электр, газбен жабдықтау объектілерін жобалауда, қаржыландыру мен құрылысын жүргізуде тиімді инвестициялық саясат жүргізу ;
7) жеке азаматтар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және соған қатысады;
8) аудандық әкімдік отырыстарында қаралатын мәліметтерді дайындайды, мәліметтерді жинап анализ жасайды;
9) аудан әкімінің өкімдерімен, шешімдерінің және аудан әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындайды;
10) құрылыс жобаларына ведомостводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған бірыңғай портал арқылы, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жұмыс жасау;