Индер аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі

    Жалпы ақпарат

    функциялары:

    1) кәсіпкерлікті дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету;

    2) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті бөлшек сауда бағасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу;

    3) кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларын дамытудың басымдық өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және оларды іске асыру;

    4) жергілікті атқарушы органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері, ҚР Кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы және нарық инфрақұрылымы объектілері арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың стратегиясын айқындау;

    5) жеке кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау;

    6) ауданның өнеркәсіптік әлеуетін шетелдік инвесторларға таныстыру мақсатында жергілікті тауар өндірушілердің халықаралық форумдар мен көрмелерге қатысуын қамтамасыз ету;

    7) өңірде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

    8) инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласына инвестиция тартуға жәрдемдесу;

    9) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

    10) ауданның даму бағдарламаларын іске асыру мақсатында шетелдік серіктестермен іскерлік ынтымақтастықты нығайту, нақты экономика және әлеуметтік салаға инвестиция тарту жұмыстарын ұйымдастыру;

    11) аудан аумағында туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және осы салада үйлестіру жұмыстарын жүргізу;

    12) талдамалық материалдарды, семинарлар, ауылдық округтердің кәсіпкерлерімен кездесулер туралы есептерді дайындау;

    13) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін материалдар дайындау;

    14) бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын әзірлеу және оларды бекітуге ұсыну;

    15) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және бақылау, лимиттерді жұмсау, әкімшілік бағдарламалар сметасын орындау, бюджеттік сыныптау және бөлім персоналын есепке алудың дұрыстығы;

    16) несие беру мәселелері бойынша мемлекеттік мекеменің құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, қаржы құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау;

    17) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

    18) өз құзыреті шегінде мониторинг жүргізу, есептерді уақтылы ұсыну;

    19) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу;

    20) кірістер және статистика басқармалардың деректеріне сүйене отырып шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша мониторинг жүргізу;

    21) ауданның елді мекендері бойынша бизнес субъектілерінің нысандарының сипаттамасын жасақтау;

    22) бөліммен атқарылып жатырған жұмыстар туралы интернет-ресурсқа ақпараттар орналастыру;

    23) ауданда өнеркәсіп өнімін өнірумен айналысатын кәсіпорындарға мониторинг жүргізу;

    24) құзырлы органдармен бірлесіп аудан аумағында кәсіпкерлік бағытында жер телімін алған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізу;

    25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.