Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі

    Жалпы ақпарат

    «Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

    1)Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс, аудан әкімдері нормативтік актілерінің орындалысын қамтамасыз ету;

    2) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;

    3) аймақтағы тіл саясатын жүзеге асыруды тоқсан сайын қорытындылайды;

    4) Тіл саясатына қатысты ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер т.б. өткізеді;

    5) Мәдениет қызметкерінің білімділігін, біліктілігі мен шығармашылығын дамытып аттестациядан өткізіп отырады;

    6) аудандық шараларын өткізу және олар үшін қаржы бөлуді ұйымдастыру;

    7) тұрғындар арасында түрлі мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізу арқылы, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасау;

    8) Аудандағы кітапханалар жүйесінің жұмысын ұйымдастыру;

    9)халық арасында ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттау, ақыл-ойы дамыған ұрпақты тәрбиелеуге қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, мәдениет үйінің әлеуметтік-экономикалық статусын көтеру;

    10) тұрғындардың әртүрлі топтарының тілек-мүдделері мен рухани қажеттіліктерінің сұраныстарына байланысты жаңа мәдени қызметтерді ұйымдастыру жұмыстарының әдістері мен нормаларын енгізу. Жас ұрпақты мәдени шараларға белсенді қатыстыру.

    11)драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу, әсемдік-қолданбалы және эстрадалық өнердің жоғары көркемдік туындыларын қамтамасыз ететін сайыстар мен байқаулар, өзге де мәдени шараларды ұйымдастырып өткізуге басшылық жасау.

    12)аудан көлеміндегі тарихи, мәдени ескерткіштерді насихаттау және оларды пайдалану, жөндеу, есебін жүргізу жұмыстарын қадағалауды жүзеге асырады;

    13)2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;

    14)спорт қозғалысының, саламатты өмір салты принциптерін насихаттау;

    15) облыс құрама командаларына спорт резервтерін даярлау;

    16)облыстық және республикалық спорт аренасында жоғарғы спорт нәтижелеріне жету;

    17) спорттық шараларға қатысушылардың материалдық қамтылуы үшін шығындар мөлшерін бекітеді;

    18) спорт түрлерінен аудандық жарыстар өткізу;

    19)спорт түрлеріне ауданның құрама командаларын даярлауды және облыстық, республикалық, басқа да іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету;

    20) аудан көлемінде бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын жетілдіру үшін ұсыныстар береді.

    21)спорт іс-шараларының қатысушыларын, аудандық және басқа да іс-шаралар жеңімпаздарын, спортшылар мен спорт ұйымдарының қызметкерлерін, диплом мен мақтау қағаздары, медальдар, төс белгілерімен марапаттау;

    22) аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарын әзірлеу, бекіту және жүзеге асыру;

    23)Халықаралық жарыстар мен турнирлерге, Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз елдер достастығы және де басқа дәрежедегі чемпионаттар мен турнирлерге аудан құрама командасын дайындауды қамтамасыз етеді;

    24)спорт іс-шараларын өткізу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау;

    25)аудандағы мәдениет үйлері, кітапханалар мен спорт мектептерінің жұмысына басшылық жасайды, дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі ауданның әртүрлі ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

    26)кадрларды даярлау, қайта даярлау және кәсіби шеберлігін көтеру, әдіскерлік жағынан қамту, конференциялар мен семинарлар, басқа да оқу мен мамандардың тәжірибе алмастыруларының бағдарламаларын бекітіп, үйлестіреді, спорттық жарыстар мен жиындар өткізу ережелерін бекітеді, тиісті құжаттарын дайындайды;

    27)спорт ұйымдарына әдістемелік және ұйымдастыруға басшылық жасайды;