Бас әскери прокуратура құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
Бас әскери прокуратурасының негізгі міндеттері: 1)адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру; 2)заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың зардабын анықтау және жою; 3)құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру; 4)заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де міндеттер. 15.Бас әскери прокуратурасының негізгі функциялары: 1)заңда белгіленген шекте және тәртіппен: мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің; атқарушылық іс жүргізудің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің; құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың: сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел іздестіру және қарсы барлау қызметі; қылмыстық жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау салаларындағы қызметінің; заңда айқындалатын өзге де бағыттар бойынша заңдылықты жоғары қадағалауды жүзеге асырады; 2)қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген негіздерде және тәртіппен сотта мемлекет мүдделерін білдіреді; 3)мемлекет атынан қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асырады; 4)құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін осы органдардың өзара іс-қимылын, өзара ақпарат алмасуды және ортақ міндеттерді іске асыру кезінде олардың келісілген әрекеттерін қамтамасыз ету мақсатында үйлестіреді; 5)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.