"Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

    Жалпы ақпарат

    Жәнібек ауданы әкімдігінің

    2005 жылдың 13 қаңтардағы

    №3 қаулысымен бекітілді

    «Батыс Қазақстан облысының

    Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже.

    а. Жәнібек 2005 жыл
    «Батыс Қазақстан облысының

    Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже.

    1. Жалпы ережелер.
    2. Мемлекеттік орган Батыс Қазақстан облысының Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – аудандық бөлім). Жәнібек аудандық атқару билігінің құрылымдық жүйесіндегі мемлекеттік басқару мен бақылау қызметін орындау өкілеттігі берілген мекеме болып табылады.
    3. Аудандық бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазастан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің, облыс әкімінің актілерін аудандық нормативтік – құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    4. Аудандық бөлім мемлекттік мекеменің ұйымдық – құқықтық (нысанындағы) түріндегі заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен (мөртаңбалары) (мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері мемлекеттік және орыс тілінде сондай-ақ заңға сәйкес банкіде есепшоты болады.

    Аудандық бөлім азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

    Аудандық бөлім азаматтық – құқықтық қатынастарға мемлекеттік атынан қатысуға құқылы, егер де заңға сәйкес (уәкілеттік берілген болса) уәкілді болса.

    1. Аудандық бөлім, бөлім (басшысының) бастығының бұйрығымен рәсімделген өз құзырлық шегіндегі мәселелер бойынша заңда белгіленген тәртіпке сай шешімдер қабылдайды.
    2. Аудандық бөлімнің (құрылымы) құрылымдық үлгісі, (мен) аудандық бөлімнің шекті (шекті санының лимиті) штаттық санын (қолданыстағы заңнамаға сай бекітіледі) аудан әкімдігі бекітеді.
    3. Аудандық бөлімнің заңды мекен-жайы: 090500. Батыс Қазақстан

    облысы, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы, Тәуелсіздік көшесі № 8 үй.

    1. Аудандық бөлімнің толық атауы:

    1) мемлекеттік тілде – «Батыс Қазақстан облысының Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

    2) орыс тілде – государственное учреждение «Жанибекский районный отдел занятости и социальных программ Западно – Казахстанской области».

    1. Аудандық бөлімнің құрылтайшысы мемлекеттік атынан аудан әкімдігі

    болып табылады. Аудандық бөлімнің құрылтайшылық құжаттары: аудан әкімдігінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысымен және осы Ереже.

    1. Аудандық бөлімнің қызметін қаржыландыру тек қана аудандық

    бюджеттен жүзеге асырылады.

    Аудандық бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарттық қатынас орнатып, аудандық бөлімнің қызметі болып табылатын міндеттерді оларға орындатуына тыйым салынады.

    Егер де аудандық бөлімге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға заңнамалық актілермен құқық берілген болса, онда осы қызметтен түскен түсім аудандық бюджеттің пайдасына бағытталады.

    1. Аудандық бөлімнің негізгі қызметі, міндеттері мен құқықтары.
    2. Аудандық бөлімнің заңда белгіленген тәртіпке сай жүзеге асыратын

    қызметі болып мыналар табылады:

    1) атқарушы билік тармақтарының мүдделі органдарымен әлеуметтік,

    еңбек мәселелері бойынша аймақтық бағдарламасының келісіп және әзірлеу, оның орындалуын ұйымдастыру;

    2) аудандық бөлімнің құзырына кіретін мәселелері бойынша әдістемелік басшылықпен көмек көрсету;

    3) әлеуметтік саласында жүріп жатқан істің барысы жөнінде процестерді талдап жағдайды болжау және қорытындылық құжаттар дайындау, әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру барысы туралы облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті мен аудан әкімі аппаратына ақпарат беру;

    4) әлеуметтік әріптестік жүйесі жөніндегі ұсыныстарды дайындау мен жүзеге асыру, еңбек жанжалдарын шешуге қатысу;

    5) медициналық әлеуметтік сараптаманың қызметін және мүгедектерді

    сауықтырудың мемлекеттік жүйесі жұмысын қамтамасыз етудің, оларға протездік – ортопедиялық көмек көрсетудің шараларын алу;

    6) еңбек нарығы мен бос жұмыс орындары бойынша аудандық

    мәлеміттер базасын құру негізінде жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстарын талдап, болжам жасау және еңбек нарығындағы жағдай туралы халыққа, жергілікті атқарушы органдарға, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат беру;

    7) жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру,

    жұмыссыздарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық мәліметтер базасын құру мен қолдау мәселелер кіретін халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасын жасақтау;

    8) еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес және нарықтық қатынастарды

    дамыту жағдайында кадрлар дайындауға мемлекеттік тапсырыс қалыптастыруға қатысу;

    9) инвестициялық бағдарламалар бойынша ұсыныстарды қарау кезінде,

    еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын құрудың қажеттілігі туралы ұсыныстар жасақтау және енгізу;

    10) аудандық әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу және еңбек туралы

    жеңілдіктер, өтемақылар, жәрдемақыларды жұмыспен қамту, еңбек туралы, еңбекті қорғау, мүгедектерді қорғау және тағы да басқа заңнамаларына сәйкес ұсыныс ету;

    11) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бағытында ақпараттық технологияларды ақпаратты өндеу жүйесін енгізу;

    12) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың администраторы қызметін орындау;

    13) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың жүйесіне

    қарасты мекемелердің экономикалық және қаржылық жұмысына ішкі ведомстволық бақылауды ұйымдастыру, мемлекеттік статистикалық есепті қамтамасыз ету;

    14) аудандық бөлімнің құзырына қатысты мәселер бойынша

    азаматтардың ұсыныстарын, арыз шағымдарын қарау, олар бойынша тиісті шаралар алу, азаматтарды қабылдап, кеңес беру;

    15) бірлескен міндеттерді шешу үшін ауданның өзге де атқарушы

    органдарымен, биліктің өкілді тармақтарымен, кәсіпорындарымен, қоғамдық ұйымдармен дара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңдарымен аудандық бөлімге жүктелген басқа да қызметтерді ұйымдастыру.

    1. Аудандық бөлімнің негізгі міндеттері:
    • мемлекеттік саясаттың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы негізгі бағыттарын жүзеге асыру және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану;
    • кедейшілікті төмендету, халықтың өмір деңгейі мен кірісін жоғарлату, еңбекақы төлемін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асыру;
    • халықты атаулы әлеуметтік қорғау, отбасын, ананы, баланы, мүгедектер мен олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ әлеуметтік қолдауға мұқтаж халықтың басқа да жіктері бойынша шараларды жүзеге асыру;
    • әлеуметтік әріптестік негізінде ұжымдық еңбек қатынастарын реттеу;
    • аймақтық және жергілікті деңгейде әзірленетін әлеуметтік нормативтер мен стандарттар жобасына ұсыныстар енгізу;
    1. Заңдылықтарда белгіленген тәртіпке сәйкес негізгі міндеттерді тарату және жүктелген қызметті жүзеге асыру үшін аудандық бөлімнің мыналарға құқы бар:
    • жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың жергілікті органдарын, мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының құзырына кіретін мәселелер бойынша таныстыруға және олармен тиісті хат алмасып отыруға;
    • аудандық бөлімге жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін кәсіпорындар мен ұйымдардан құжаттар, қорытындылар, анықтамалар мен басқа да қажетті материалдарды белгіленген тәртіпке сай сұратуға және алуға;
    • аудандық бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға әдістемелік жәрдем көрсетуді жүзеге асыруға, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі қолданыстағы Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің талаптарын мекемелер мен кәсіпорындардың жүзеге асыруына белгіленген тәртіпте қадағалау жүргізу;
    • азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың жағдайына әсер ететін қаржы несиелік, инвестициялық, салық, әлеуметтік саясат шаралары туралы аудандық деңгейде шешімдер жасақтауға қатысуға;
    • аудандық бөлімнің құзырындағы мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізуге;
    • бюллетеньдер, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материалдар шығаруға, жарнамалық – стенділік мүлкі болуға;
    • заңдылықта қаралған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
    1. Аудандық бөлімнің мүлкі.
    2. Аудандық бөлімнің өзінің жеке мүлкін басқаруға құқы бар. Аудандық бөлімнің мүлкі мемлекетпен берілген негізгі қорлармен айналым құралдардан қалыптасады, сонымен қатар басқа да мүліктен, олардың құны аудандық бөлімнің балансында көрсетіледі.
    3. Аудандық бөлімнің мүлкі коммуналдық мемлекеттік меншікке жатады.
    4. Аудандық бөлім өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған смета бойынша алынып беріліп мүлікті өз еркімен иелігінен шығаруға немесе басқа жолмен иелік етуге құқы жоқ. Аудандық бөлімге мүлікті иелігінен шығаруға құқ беріледі. Бұл жағдайларда заңды түрде мүліктің құны шекті мөлшерде белгіленеді.
    1. Аудандық бөлімнің қызметін ұйымдастыру.
    2. Аудандық бөлімді, аудан әкімі тағайындайтын және босататын бастық басқарады. Аудандық бөлім бастығының белгіленген заңдылыққа сай лауазымға тағайындалатын және босатылатын орынбасары болады.
    3. Аудандық бөлімнің бастығы аудандық бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, аудандық бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, оның өз қызметін жүзеге асыруына жеке жауапкершілік арқалайды.
    4. Осы мақсатта бөлім бастығы :
    • аудандық бөлімнің құрылымдық бөлімшелерді жетекшілері орынбасарының міндеттері мен өкілеттік шеңберін анықтайды, аудандық бөлімнің және бөлімдердің қызметі туралы Ережені бекітеді;
    • аудандық бөлім қызметкерлерін заңдылықта белгіленген тәртіппен лауазымдық қызметке тағайындайды және одан босатады;
    • бұйрықтар шығарады;
    • қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынас барысында аудандық бөлім атынан қатысады;
    • еңбекақы қорының белгіленген шегінде және қызметкерлердің санына қарай аудандық бөлім аппаратының шығыстар сметасы мен штаттық кестесін бекітеді;
    • белгіленген заңдылық тәртібімен мадақтауға, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;
    • заңдылық бойынша берілген басқа да өкілетті жүзеге асырады.
    1. Аудандық бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату.
    2. Аудандық бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүргізіледі, мекеме мүлкі меншік иесіне қайтарылады немесе құқылы қабылдаушыға өтеді.