"Жәнібек аудандыық ішкі саясат бөлімі" ММ

    Жалпы ақпарат
    1. Жалпы ережелер
    1. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) аудандық бюджеттен қаржыландыратын, ауданда ішкі саясат саласында мемлекеттік басқару қызметін іске асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті орган болып табылады.
    2. Жәнібек ауданының әкімдігі «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
    3. Жәнібек ауданының әкімдігі «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік басқару органы, сондай - ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субьектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

    4 «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    1. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    2. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    3. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    4. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    5. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    6. 10. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индекс 090500,Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ. Қараш көшесі № 35 үй.
    7. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
    8. Осы Ереже «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
    9. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
    10. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Жәнібек ауданы әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    1. Мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
    1. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

    миссиясы қоғамның демократиялық институттарын нығайту және дамыған

    ақпараттық ортаны құру арқылы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

    1. Негізгі міндеттері:

    1) ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады.

    2) ауданда мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің, Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының, әкімдіктің бөлім құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындауға бақылау жасайды.

    3) қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстан дамыуының 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады.

    4) ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру ретіндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады.

    5) ішкі саясат саласындағы тұжырымдамалық негіздемелер және практикалық ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

    6) ауданда болып жатқан қоғамдық –саяси үдерістерге, оның даму барысына жан-жақты дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды.

    7) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады.

    8) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік-саяси зерттеулер жүргізеді.

    9) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ-дар өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды.

    1. Функциялары:

    1) ішкі саяси үдерістерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық-саяси жағдайларға саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізеді, талдау жасайды және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөнінде ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады.

    2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс және аудан әкімдерінің, Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

    3) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, облыс және аудан әкімдіктері мен әкімдерінің актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады.

    4) аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызмет туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады.

    5) бөлімнің құзырына кіретін Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамсыз етеді.

    6) бөлім атқарылған жұмыстар жөнінде Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасына үнемі есеп беріп отырады.

    7) бөлім құзырына кіретін мәселелер жөнінде аудандық уәкілетті органдардың қызметін бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамасыз етеді.

    8) аудан әкімі аппараты қызметін ақпараттық – талдаумен қамтамасыз

    етеді.

    9) ауданда қоғамдық-саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді.

    10) аудандағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттің ішкі саясат мәселелері жөніндегі ақпараттық насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды.

    11) ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша әкімдік мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады.

    12) Кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына кеңес береді, әдістемелік және ақпараттық көмектер көрсетеді.

    13) ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты ауданда ұлтаралық қатынастарды, Қазақстан Республикасындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуді айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады.

    14) бөлімнің құзырына қатысты мәселелер бойынша ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және жіктеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.

    15) саяси партиялармен, ұлттық мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асырады.

    16) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси үдерістерді демократияландыруға бағытталған аудандық ғылыми-практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады.

    17) аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен бірлесе отырып бөлім құзырына кіретін ұйымдық - әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды.

    18) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

    1. Құқықтары мен міндеттері:

    1) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдармен азаматтардан белгіленген тәртіпте сұрап алады, бөлім құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың қызметкерлерін тартады, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;

    2) ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді. Бөлімге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуге жүзеге асырады;

    3) бөлімнің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдармен лауазымды адамдарға тапсырмалар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;

    4) аудандық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясатымен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі аудандық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;

    5) бөлім құзырына кіретін ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ұйымдық әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;

    6) бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;

    7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

    1. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
    1. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім бастығы жүзеге асырады.
    2. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
    3. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының өкілеттігі:

    1) бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы үшін жауап береді;

    2) бөлім қызметкерлері арасында қызметтік міндеттер бөлуді іске асырады;

    3) болашақтағы және ағымдағы жоспарларды бекітеді;

    4) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер жөнінде өзінің өкілдігі шегінде ауылдық округі әкімдерінің, аудандағы мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіріп отырады;

    5) заңнамаларда белгіленген тәртіпке сәйкес бөлім қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады;

    6) заңнамаларда белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді;

    7) өзінің құзыры шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

    8) бөлім құзырына кіретін мәселелері бойынша бөлім отырыстарын, кеңестерін, актив жиналыстары мен басқа да шаралар өткізеді;

    9) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілдіктерді жүзеге асырады.

    «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

    1. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.
    2. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі
    3. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
    4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
    1. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

    Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
    2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
    1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
    1. «Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.