"Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ИИ

    Жалпы ақпарат

    Жәнібек аудандық әкімдігінің 2010 жылғы “9” қарашадағы № 292 қаулысының № 2 қосымшасы

    “Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық

    мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы

    ЕРЕЖЕ

    Жәнібек 2010 жыл.

    1. Жалпы ережелер
    1. “Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі” /одан әрі - Бөлім/ мемлекеттік мекемесі аудандық бюджеттен қаржыландырылады, ауданда мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүргізуде мемлекеттік басқару қызметін іске асыруға уәкілетті заңды тұлға болып табылады.
    2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Мәдениет туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, аудан әкімдігінің қаулыларын, облыстық мәдениет басқармасының, облыстық тілдерді дамыту және облыстық туризм, ден шынықтыру және спорт басқармасының құжаттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Бөлімнің атауы.
    • мемлекеттік тілде: - “Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі.
    • орыс тілінде: Государственное учреждение “Жанибекский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Западно - Казахстанской области”.
    1. Бөлім заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі, мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері мемлекеттік және орыс тілде, сондай-ақ банкте есеп айырысу шоты, дербес балансы бар.
    2. Бөлім Жәнібек аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 292 қаулысының № 2 қосымшасы негізінде құрылған.
    3. Бөлім туралы Ережені, оның құрылымы мен штаттық санын Жәнібек аудандық әкімдігі бекітеді.
    4. Бөлім қызметін қаржыландыру аудандық бюджет есебінен іске асырылады.
    5. Бөлімнің мемлекет тарапынан құрылтайшысы Жәнібек аудандық әкімдігі болып табылады.
    6. Бөлімге өз міндеттерін орындауда кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
    7. Бөлімнің заңды мекен-жайы:

    Қазақстан Республикасы, Батыс-Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, 090500, Ғұмар Қараш көшесі, 36 - үй.

    1. Бөлімінің негізгі міндеттері, қызметтері мен құқығы:
    1. Бөлімнің негізгі міндеттері мен қызметтері
    • ауданда мәдениет, тілдерді дене шынықтыру және спортты дамыту бағытында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

    мемлекеттік саясатты іске асыруда ауданда іс шаралар өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен нұсқауларын, аудан әкімінің шешімдерін, облыстық мәдениет басқармасының, облыстық тілдерді дамыту басқармасының іс-шаралар жоспарын қоғамдық-саяси, мәдени өмірінде жүзеге асыру жолындағы қызметтерін үйлестіру;

    • тілді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету;
    • тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу, оның орындалуын жүзеге асыру;
    • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның орындалуына бақылау, оны бұзу фактілерін қарау және олар бойынша шешім қабылдау;
    • Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген құзырет шегінде Мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” Заңының орындалу мақсатында ауданда іс шаралар өткізу;
    • салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық резервтер дайындау;
    • дене шынықтыру мен спортты дамытудағы мемелекеттік саясаттан туындайтын аймақтық бағдарламаларды дайындау мен жүзеге асыруға қатысу;
    • бөлім үшін заттарды мемлекеттік сатып алу мен қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
    • Қазақстанның даму стратегиясын насихаттау;
    • мәдениет, дене шынықтыру және спорт туралы іс-шаралар мен бағдарламаларды насихаттау мен жүзеге асыру бағытында жұмыстарды үйлестіру.
    • бөлімге қарасты кәсіпорындар мен мекемелерде мемлекеттік тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз ету.
    1. Бөлім негізгі міндеттері мен өз қызметін жүзеге асыру үшін заңнамаларда белгіленген тәртіпте мыналарға құқылы:
    • мәдениет, дене шынықтыру және спорт мекемелерімен, жастар ұйымдарымен тығыз байланыс орнатуға;
    • өз құзыретіне сәйкес «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңның орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
    • жергілікті атқарушы органдардан, меншік нысанына қарамастан ұйымдардан заңдардың, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнінде ақпарат, мәліметтер, құжаттар сұратып алу;
    • ұлттық салт-дәстүрлерді, ұлттық спорт түрлерімен бұқаралық спортты қайта жандандыруға, сақталуы мен дамуына ықпал етуге;
    • мәдениет, дене шынықтыру және спорт мекемелерінің материалды-техникалық базаларын нығайту мен инфрақұрылымын дамыту барысында жұмыстануға;
    • аудан кітапханаларындағы кітап қорларын жасақтау мен сақталуын қамтамасыз етуге;
    • мәдениет, тарихи ескерткіштердің есебін жүргізу, қорғау мен оларды насихаттауға;
    • спорттың түрлері бойынша аудандық деңгейде жарыстар ұйымдастырады, жеңімпаздарын облыстық сайыстарға қатыстыруды қамтамасыз етеді, ауданның құрама командаларын жасақтап, дайындап облыстық жарыстарға қатыстырады;
    • төмендегіше спорттық разрядтармен категориялар тағайындап, береді: жасөспірімдерге арналған бірінші, екінші және үшінші разрядтар; екінші категориядағы жоғары және орта дәрежедегі квалификациялы жаттықтырушы; екінші категориядағы жоғары дәрежедегі квалификациялы жаттықтырушы-спортшы; екінші категориядағы орта және жоғары дәрежедегі квалификациялы әдіскер спорт жөніндегі төреші;
    • аудандық дене шынықтыру мен спорттың дамуы жөніндегі статистикалық және басқа да мәліметтерді далдау жасау арқылы облыстық атқару органдарына беріп отырады;
    • өзінен төмен тұрған буындағы дене тәрбиесімен спорт органдарымен ұйымдары басшыларының есебін тыңдауға;
    • өзіне тікелей байланыстағы спорт мекемелері басшыларының бұйрығының күшін жоюға, орындалуын тоқтата тұруға:
    • өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша конференция, кеңес, жарыс, көрме, алқа мәжілістерін ұйымдастыруға, спорттық бағдарламаларды, соның ішінде халықаралық жасақтауға қатысу, білім және спорт мекемелерімен іскерлік қарым-қатынаста тікелей байланысқа шығып келісім шарттар жасасу;
    • құзырындағы мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету, олардың білімдерін жетілдіруге ықпал ету;
    • Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мәдениет мекемелерінің халыққа ақылы қызмет түрлерін ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
    • мемлекеттік және басқа да тілдер мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыруға;
    • бөлімнің құзырына жататын белгіленген тәртіпте тұрғындардың хаттары мен арыздарын қарауға; жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға;
    • тілдерді дамытудың өзекті мәселелері жөнінде шаралар өткізу, ұлттық-мәдениет бірлестіктердің ана тілдерін дамыту мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіруге ықпал ету;
    • өзінің қызметтік ақпараттық - анықтамалық анықтамаларын, қаттаулы кітапшаларын, әдістемелік материалдарын шығаруға.
    1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру.
    1. Мемлекеттік мекемеге бөлім меңгерушісі басшылық етеді, ол заңнамаларда белгіленген тәртіпте аудан әкімімен жұмысқа тағайындалады және босатылады. Штат санының құрылымы аудан әкімдігімен белгіленеді.
    1. Бөлім меңгерушісі:
    • бөлім қызметіне басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді.
    • бөлімнің қызметкерлері арасындағы қызметтік міндеттерді бөлуді жүзеге асырады;
    • стратегиялық және ағымдағы жоспарларды бекітеді.
    • өзінің өкілеттігі шегінде бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша аудандағы мәдениет мекемелерінің қызметін үйлестіріп отырады.
    • заңнамаларда белгіленген тәртіпте бөлімнің қызметкерлерін марапаттайды;
    • заңнамаларда белгіленген тәртіпте бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
    • өзінің құзыры шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды.
    • бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша бөлім отырысын, кеңесін және басқа да шаралар өткізеді.
    • бөлімге қарасты кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларын конкурс негізінде ережеге сәйкес лауазымға тағайындайды және босатады;
    • сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
    1. Бөлімнің мүлкі
    1. Бөлімнің оқшауланған мүлікті тікелей басқаруға құқығы бар.
    2. Бөлімнің мүлкі оған мемлекет тарапынан берілген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаржысынан, сондай-ақ бөлімнің есебінде құнды көрсетілген басқа да мүліктен тұрады.
    3. Бөлімнің өзіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен айыруға немесе басқалай билік жасауға құқығы жоқ.
    4. Бөлімді қайта құру немесе тарату жағдайында оның қарамағындағы мүлік мемлекетке қайтарылады немесе құқықтық мүрагеріне беріледі.
    5. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
    1. Бөлімді қайта құру мен тарату.
    1. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізінде жүзеге асырылады.