"Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі" ММ
Жәнібек ауданы әкімдігінің
2010 жылғы « 9 » қарашадағы
№ 292 қаулысымен бекітілген
Қосымша №1
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е
Жәнібек - 2010 жыл
І. Жалпы ережелер
- «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі» (бұдан әрі – бөлім) аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік басқару және ауданның әлеуметтік – экономикалық даму басылымдарына қол жеткізу мен құруына ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау жүесін жүзеге асыру саласында бақылау қызметін атқаруға, және жергілікті бюджетті атқару мен коммуналдық меншік басқару саласында өкілетті атқарушы орган болып табылады.
2.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігінің қаулысына, әкімнің шешімдеріне, басқа да нормативті – құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгіде бланктері, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары бар.
Бөлім азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Бөлім азаматтық – құқықтық қатынастар жағы болып мемлекет атынан түсуге құқығы бар, егер ол заңнамаларға сәйкес бұған уәкілетті болса.
- Бөлімнің құрылымы мен штаттық сан шегін аудан әкімдігі бекітеді.
- Экономика және қаржы бөлімнің заңды мекен – жайы:
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы 090500, Жәнібек ауылы Ғ.Қараш көшесі №63 үй
- Бөлімнің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ресми тілдегі толық атауы – государственное учреждение «Жанибекский районный отдел экономики и финансов Западно – Казахстанской области».
- Бөлімнің құрылтайшысы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімдігі болып табылады. Бөлімнің құрылтайшылық құжаттары аудан әкімдігінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 292 қаулысы және осы Ереже болып табылады.
- Бөлімнің қызметі аудандық бюджет есебінен қаржыландырады.
9.Бөлімнің кәсіпкерлік субъектерімен Бөлім қызметі болып табылатын міндеттерді орындау жөнінде шартты қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
10.Егер Бөлімге кіріс әкелетін қызметті атқаруға заң актілерімен құқық берілген болса, онда түскен кіріс аудандық бюджеттің кірісіне аударылады.
- Бөлімнің қызметі, негізгі міндеттері және құқығы
- Бөлімнің негізгі міндеті:
1) ауданының әлеуметтік – экономикалық даму басымдықтары мен стратегиялық мақсаттарын орта мерзімді кезеңге анықтау;
2) жергілікті деңгейде мемлекеттік бюджеттік саясатты салық және аудан аумағындағы қаржылық – несиелік саясатпен байланыстыра құру жүзеге асыру болып табылады.
3) аудандық бюджетті атқаруды қамтамасыз ету;
4) коммуналдық меншікті қорғау бойынша шараларды басқару және жүргізу
- Бөлім құзырлығына жататын өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру шегінде мына қызметтерді атқарады:
1) ауданның аумақтық және институциялық дамуы жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
2) селолық аумақтарды дамыту жөнінде шаралар жоспарлау, оларды жүзеге асыруды үйлестіру және қызмет қорытындысын сараптайды;
3) ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, ауданның стратегиялық және орта мерзімді даму жоспарларын әзірлейді, әзірлеуге қатысушы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіреді;
4) ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуын сараптайды, ауданның стратегиялық және орта мерзімді даму жоспарларын жүзеге асырады, аудан әкіміне ақпараттық – сараптау материалдарын дайындайды;
5) бюджеттік жоспарлау ісіне методологиялық басшылық жасайды;
6) аумақтық салық органымен бірлес жергілікті бюджеттің кірісін болжайды;
7) үш жылға аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштерін, алдағы қаржылық жылға арналған аудан бюджетінің жобасын, бюджетке енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің жобаларын әзірлейді;
8) тиісті қаржылық жылға арналған аудандық бюджет жобасын аудандық мәслихат сессиясында қарау туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
9) жылдық қаржылау жоспарын әзірлейді;
10) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихат сессиясының шешімін жүзеге асыру туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
11) жергілікті атқарушы органның резервін жоспарлау;
12) ауданның фискальді орта мерзімді саясатының жобасын әзірлейді;
13) жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штаттық бірліктерін сараптайды;
14) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін құру;
15) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сарап жүргізеді;
16) қолданыстағы және әзірленетін аймақтық бағдарламалар тізбесін құрады және әрі қарай жүргізеді;
17) әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларын, аймақтық бағдарламалардың әзірленуін және жүзеге асырылуын методологиялық қамтамасыз етеді;
18) бөлімнің құзырлығына кіретін бағыттар бойынша аймақтық бағдарламаларды әзірлейді және орындайды;
19) аймақтық бағдарламалардың орындалуына жалпы бақылау жасайды;
20) аймақтық бағдарламаларды, бюджеттік бағдарламаларды, бюджеттік инвестицияларды және гранттарды жүзеге асыру тиімділігін бағалауды жүргізеді;
21) инвестициялық жағдайды жақсарту жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс әзірлейді, аймақтық бағдарламаларды және басымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвестицияны тартуға ықпал етеді;
22) жергілікті мемлекеттік органдардың экономикалық қызмет түрлерін реттейтін, рұқсат беру жүйесі мәселесі бойынша қызметін үйлестіру, соның ішінде лицензия беруді де;
23) бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша нормативті – құқықтық келісімдердің жобасын әзірлейді;
24) аудандық бюджетті атқаруды қамтамасыз ету;
25) аудандық бюджеттің түсімдер мен қаржыландыру жиынтық жоспарларын бекіту және өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз ету;
26) аудан бюджетін атқару бойынша есеп беру, сондай-ақ мемлекеттік қаржы және коммуналдық меншік жөнінде статистикалық есеп алуды құрастыру;
27) коммуналдық меншікті қорғау бойынша шараларды басқару және жүргізу;
28)келісім-шарттарға қол қоюға, сонымен қатар жекешелендіру, мүліктік жалға алу, кәсіпорындарды, жер қойнауларын және басқа коммуналдық меншіктегі объектілерді сату мәселелері бойынша олардың атқарылуына бақылауға қатысу;
29)белгіленген заңнамалар тәртібімен коммуналдық меншіктің мақсатты және тиімді пайдаланылуын қадағалап және жинақы есебін жүргізуді жүзеге асырады;
30)бөлім қызметіне байланысты жұмыстарға қажетті жағдайда кеңесшілерді, аудиторларды және тәуелсіз сарапшыларды қатыстыру;
31)жекшелендіру және коммуналдық меншіктерді пайдалану тәртібі туралы Заңнаманың орындалу тәжірибесін қорыту, талдау және оны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар даярлау, коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және оған билік етуді реттейтін нормативтік құқылық актілердің жобаларын әзірлеу;
32)коммуналдық меншіктер мәселесіне қатысты мемлекеттің мүддесін және мүліктік құқын қорғау;
33)заңға сәйкес жүктелген басқа функцияларды жүзеге асыру;
34)аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген, облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алады.
35) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдайды.
36). аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді.
37).коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады.
- Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және өз қызметін атқару үшін заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша мына құқықтарға ие;
1) ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша аудан әкіміне ұсыныс жасауға;
2) жергілікті атқарушы органдардың орта мерзімді жоспарларды, Үкімет бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарларын жүзеге асыру сараптамасын жүзеге асыруға;
3) аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру қорытындысын жүзеге асыруға, бюджет қаржысын мақсатты пайдаланылуын және тиімді игерілуін қадағалауға;
4) өз құзырлығы шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттік қатысы бар заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
5) өз құзырлығы шегінде мемлекеттік қатысы бар ұйымдарды құру, қайта құру сондай-ақ тарату жөнінде ұсыныс жасауға;
6) сараптама жәнекеңес беру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
7) бюджетік қаржыларды қайтарып алуды қамтамасыз етуге және бюджеттік заңнамада қарастырылған жағдайларда қаржыландыруды тоқтатуға;
8) атқарушы органдардан орындау бойынша ай сайын есеп берулер туралы, сонымен қатар шығыстар сметасын орындау бойынша ай сайын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органнан жиынтық деректер алуға;
9) жергілікті бюджетті орындау жөнінде Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасы талаптарын бұзу себептеріне баға, сонымен қатар бекітілген жергілікті бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) экономикалық тиімді және мақсатты баға беруге;
10) коммуналдық меншік объектілері заңды және жеке тұлғаларға сатылғанда, жалға, кепілге немесе сенімді басқаруға берілгенде, оларға қойылатын талаптар мен міндеттердің сипатын анықтап, шарттар жасауға;
11) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есептемелер жағдайын тексеруге;
12)заңға сәйкес басқа да құқықтарды іске асыру;
- Бөлімнің мүлігі
- Бөлімнің шұғыл басқару құқығымен негізделген мүлкі бар. Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүліктен құралады және негізгі қорлардан және айналымдағы қаржылардан сондай-ақ құны бөлімнің балансында көрсетілген басқа да мүліктен тұрады.
- Бөлім атына бекітілген мүлік комуналдық меншікке жатады.
- Бөлімнің қаржыландыру жоспары бойынша оған бекітілген мұлікпен және оған бөлінген қаржы есебінен сатып алынған мүлікпен өз бетімен иелігінен шығаруға немесе басқаша өкілеттік етуге құқығы жоқ. Бөлімге мүлікке өкілеттік ету құқығы берілуге болады. Осы мақсатта бөлімнің өкілдік ете алатын заңнамамен мүлік құнының шекті көлемі белгіленеді.
- Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Бөлімді Қазақстан Республикасы Заңдарында белгіленген тәртіп бойынша аудан әкімі тағайындайтын және лауазымынан босататын меңгеруші басқарады.
- Бөлім меңгерушісі бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалуына тікелей жауапты.
- Осы мақсатта бөлім меңгерушісі:
1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттерін анықтайды;
2) заңнамаларға сәйкес бөлім қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдық қызметінен босатады;
3) заңнамалармен бекітілген тәртіп бойынша бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда бөлімді қазіргі кезде заңнамаға сай бөлімді ұсынады;
- бөлімнің жұмыс кестесін бекітеді;
- сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
20.Бөлімде қабылданатын шешім бөлім меңгерушісінің бұйрығы ретінде рәсімделеді.
- Бөлімнің қызметін тоқтату және қайта құру.
- Экономика және қаржы бөлімін қайта құру және тарату Жәнібек аудан әкімдігі қаулысы негізінде, Қазақстан Республикасының заңнамаларында сәйкес жүргізіледі.