«Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат
    1. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі - жергілікті атқарушы органның және аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ететін, сәулет,қала құрылысы және құрылысты ұсыну аясындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.
    2. Жәнібек ауданының әкімдігі «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
    3. Жәнібек ауданының әкімдігі «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік басқару органы, сондай - ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субьектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
    4. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    5. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    6. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    7. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    8. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    9. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    10. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, 090500, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Иманова көшесі, 119 үй.
    11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
    12. Осы Ереже «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
    13. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
    14. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Жәнібек ауданы әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    1. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

    2. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс

    бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

    аудан аумағында елді мекендердің тұрақты дамуының жағдайын жасау және тарихи – мәдени мұраларының сақталуын қамтамасыз ету, құрылыс жүргізу саласында мемлекеттің саясатын жүзеге асыру;

    1. Негізгі міндеттері:

    1) аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатынасу;

    2) ауданды дамытудағы мүдделер мен қажеттіліктерді біріктіре отырып, атқарушы органдардың жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;

    3) аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық хал-ахуалды қалыптастырып дамыту үшін жағдайлар туғызу;

    4) аудан аумағында орналасқан ауылдар мен қоныстарды салудың негізгі жоспарларын жасауға қатысу, оларды аудандық мәслихатта бекітуге ұсыну;

    5) ауданның су жүйелерін, тазалағыш құрылыстарын, электроқорап желілерін, байланыс, көлік және инженерлік инфраструктураның басқа да объектілерін салуды және ұстауды ұйымдастыру

    1. Функциялары:

    1) ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысады;

    2) ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтік жоспарын, экономикалық бағдарламаларды жасауға қатысады.

    3) сәулеттік қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық қызметтер туралы саласындағы заңнамалар нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

    4) инвесторларға (тапсырыс берушілерге, құрылысшыларға), сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасын дайындаушыларға, жұмыстарды атқарушыларға және инвестициялық қызмет объектілерін пайдаланушыларға өтініштер, рұқсат беретін құжаттамаларды, құрылыстың барлық түрлері бойынша жобаларға келісімдерді, сонымен қатар жер учаскелерінің көлемі мен шекараларын өзгертулер және меншік түріне қарамастан басқа да жылжымайтын мүліктер жөнінде құжаттамаларды тапсыруды ұйымдастырады;

    5) тұрмыстық – азаматтық құрылыс және жөндеу – құрылыс өндірісі үшін өнімдерді, үдемелі материалдардың, өнімдердің және құрылмалардың түрлерін өндірудің жаңа технологияларын енгізуді ұсынады;

    6) жеке және заңды тұлғалардың жобалау және құрылыс қызметіне бірлеседі;

    7) тарихи және мәдениет ескерткіштерін сақтау мемлекеттік органдарымен бірлесіп, тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін қорғау, жаңарту және пайдалану жөнінде қызметтерді іске асырып, оларды қорғау және құрылыстарды реттеу аумақтарын бекіту, жөндеу – қалпына келтіру жұмыстарының жобаларын қарау және келісу жөніндегі қажетті жұмыстарды жүргізеді;

    8) әлеуметтік – мәдени нысандарын, аудандық коммуналдық меншік нысандарын салу, қалпына келтіру және жөндеу жөнінде тапсырыс береді;

    9) өз құзыреті шегінде объектілер мен кешендерді орналастыру туралы аудан әкімдігіне ұсыныстар дайындау жұмыстарын ұйымдастырады, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қолданылатын шешімдерге ұсыныстар, негіздемелер және құжаттар дайындайды;

    10) мердігерлердің келісім – шарттар ережелерін сақталуын қамтамасыз етеді;

    11) азаматтардың тұрғын үйлерінің техникалық жағдайы жөніндегі өтініштерін, ұсыныстарын қарайды;

    12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамаларға қайшы келмейтін, органдар жөнінде ережелерде көрсетілген өзге де қызметтерді атқарады.

    1. Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы қызметін жүзеге асыру.
    2. Өз сала бойынша Жәнібек ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумағын дамыту бағдарламасын және 2016-2020 жылдарға арналған Жәнібек ауданының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асырады, үйлестіреді және уәкілетті органга есепті береді.
    3. Құқықтары мен міндеттері:

    1) бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларын іске асыруды, қала құрылысы және құрылыс тәртібін, құрылыстың аумақтық ережелерін сақталуын қамтамасыз етеді;

    2) алдын-ала келісілген негізде белгіленген ретте кез-келген құрылыс объектілеріне, ведомстволық бағыныштығына қарамастан құрылыс материалдарын, өнімдері мен құрылмаларын шығаратын кәсіпорындар мен ұйымдарын кедергісіз аралауға;

    3) белгіленген ретте жасалған және бекітілген жобалау-жоспарлау құжаттамасын, сәулет, қала құрылыстары және құрылыс органдарының нормативтік талаптары мен сәулеттік – жоспарлау тапсырмаларын бұзып істеген кез-келген құрылыс, қайта құру, қалпына келтіру және күрделі жұмыс түрлерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізуге, сонымен қатар нормативтік және сәулет және қала құрылысы талаптарына сай келмейтін жобаларға келісім бермеуге;

    4) өздігінен құрылыспен айналысқан, сәулет және құрылыс саласында қолданылатын заңнамаларда бұзған кіналі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар беруге;

    5) ең жақсы сәулеттік, қала құрылыстық және құрылыстық ойларды анықтау мақсатында кем дегенде 2 тәсілде сәулеттік, қала құрылыстық және құрылыстық маңызы бар жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды, елді мекендерді көркейту, салу, жоспарлау эскиздік жобаларын дайындау қажеттігін анықтауға;

    6) күші бар нормативтік-құқықтық актілерді бұза отырып жасалған қазба және бөлшектеу жұмыстарын, инженерлік-геологиялық және топогеодезиялық өндірістерді тоқтатуға;

    7) меншік түріне және ведомостволық бағыныштылығына қарамастан аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, сонымен қатар жеке құрылысшылар міндетті түрде орындауға тиісті сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы шешімдер қабылдауға;

    8) адам өміріне қолайлы жағдай туғызатын жобалар, соның ішінде елді мекендерді, жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды, ескерткіштер мен монументтерді салудың, жоспарлаудың эскизін жасауға конкурс өткізуді ұйымдастыру;

    9) келісімшарт негізінде жұмыс жасауға тарта отырып, жобалаушылардың уақытша авторлық ұжымын ұйымдастыруда бірігіп қызмет етуге;

    10) меншік түріне қарамастан ведомостволық аумақта орналасқан тиісті статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан өз қызметіне қатынасы бар жоспарлы және есептік мәліметтер алуға;

    11) Заңға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

    1. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
    1. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
    2. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
    3. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

    1) мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;

    2) барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

    3) заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;

    4) шарттар жасасады;

    5) сенімхаттар береді;

    6) мемлекеттік мекеменің іс – сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

    7) банктік шоттар ашады;

    8) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

    9) мемлекеттік мекеменің уәкілетті орган тағайындайтыннан басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

    10) мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады;

    11) мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттігінің шеңберін белгілейді;

    12) Сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

    13) өзіне заңдарда, осы Ережеде жүктелген және уәкілетті орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

    1. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.
    2. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі
    3. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
    4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
    1. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

    Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
    2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
    1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
    1. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.