«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ
Жалпы ақпарат
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласын дамыту және тұрғын үй қатынастарының заңдылығын қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады. Бөлім тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлердің техникалық жағдайын бақылау, коммуналдық қызметтердің сапасын қадағалау, тұрғын үй инспекциясы арқылы заң бұзушылықтарды анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ тұрғындардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.