«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
Жалпы ақпарат
«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала аумағында жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, автомобиль жолдарының құрылысын салу, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын үйлестірумен айналысады. Бөлім қалаішілік тұрақты жолаушылар тасымалын ұйымдастырып, маршруттарды бекітеді, конкурстар арқылы тасымалдаушыларды анықтайды, жол қозғалысын реттеу үшін бағдаршамдар мен жол белгілерін орнату жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының дамыту бағдарламаларын іске асырып, сыртқы жарнама орналастыруға рұқсат береді.