«Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту, спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жұмыс істейді. Бөлім спорттық шаралар мен жарыстарды ұйымдастыру, спорт инфрақұрылымын дамыту, спорттық секциялар мен клубтардың жұмысын қолдау және қалада дене шынықтыру мен спортты кеңінен тарату бойынша іс-шараларды іске асырады. Сонымен қатар, бөлім жастарды спортқа баулу, спортшыларды дайындау және спорттық резервті қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.