Қаржы және бухгалтерлік бөлімі "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ"
Қызметі :
1) басқарма және басқармаға қарасты мекемелердің қаржыландыру жоспарларына ай-сайынғы өзгерістерді дайындап, қазынашылық басқармасына жібереді;
2) бухгалтерлік есептің барлық бағыты бойынша жұмыс жүргізеді (негізгі құралдардың, тауарлық – материалдық құндылықтардың, өндірістік шығындардың, шаруашылық – қаржылық қызмет нәтижелерінің, өнім берушілермен есеп айырсу есебін жүргізеді);
3) бухгалтерлік есепте тауарлық – материалдық құндылықтылар мен қаржы қозғалысына байланысты операциялардың қамтылуын қамтамасыз етеді; жүргізілген бухгалтерлік есептер негізінде ішкі шаруашылық қорды анықтау мақсатында басқарманың– шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жасайды;
құжаттар айналымын жетілдіру шаралары мен үнемдеу режимін қалыптастырады;
4) бухгалтерлік құжаттың сақталуын қамтамасыз етеді;
5) бухгалтерлік есепті (айлық, тоқсандық, жылдық) қалыптастырады;
6) бөлім қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауына бақылауды жүргізеді;
7) тиісті салалық есептілікті жүргізу үшін мәліметтерді қадағалайды.
8) экономикалық жоспарлау мәселелері бойынша жұмыстарды бақылайды, тапсырмаға сәйкес есептерін негіздейді және өзінің бөлімшелеріне жоспардың уақытылы жеткізуін қамтамасыз етеді.
9) мемлекеттік сатып алу (қызметтер) бойынша электрондық конкурстарды өткізу рәсімдерін ұйымдастыру.
10) мемлекеттік сатып алу (қызметтер) бойынша конкурсқа қатысушы әлеуетті өнім жеткізушілердің конкурстық өтінімін дайындау үшін конкурстық құжаттарды әзірлеу жұмыстарын бақылау.
11) мемлекеттік сатып алу (қызметтер) бойынша әлеуетті өнім жеткізушілерге кеңес береді және ақпараттандырады.